Accessibility links

Баренц теңізінде Ресей сүңгуір қайығы апатқа ұшырады.


Мәскеу. Ресей ақпарат құралдарының мәлімдеуінше өткен түні үстінде 10 теңізшісі бар Ресей атомдық сүңгуір қайығы моторы тоқтап Баренц теңізінде апатқа ұшыраған. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша апатқа ұшыраған сүңгуір қайықтың ішіндегі 10 теңізшінің екеуі опат болған. Бірі аман шыққан. Қалған жетеуінің өлі-тірісі белгісіз. Ресей жағының мәлімдеуінше осынау атомдық сүңгуір қайықтың апатқа ұшырауынан қоршаған орта зардап шекпек емес. Жасалғанына 40 жыл болған сүңгуір қайықтың үстінде ядролық қару болмаған.
XS
SM
MD
LG