АНКАРА: Түркия жерінде күрд автономиясын құру мақсатында Түркия үкіметімен арадағы қарулы күресін өз тарапынан 4 жылға тоқтатқан “Күрдтердің жұмысшы партиясы” тобы ол бітімін доғаратынын жариялап отыр. Бір жақты бітімді әлгі топ өзінің көсемі Абдулла Оджаллан тұтқынға алғаннан соң, 1999-ыншы жылы жариялаған болатын. “Күрдтердің жұмысшы партиясы” тобы таратқан мәлімдемеде Түркия үкіметінің партия мүшелерін қудалауы бітімді одан әрі жалғастыруға мұрша бермейді делінген.
Түркия үкіметімен арадағы қарулы күресін өз тарапынан 4 жылға тоқтатқан “Күрдтердің жұмысшы партиясы” тобы ол бітімін доғаратынын жариялап отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы