Accessibility links

Қазақстан Парламентiнiң 5-сессиясы ашылды


Қыркүйектiң 2-сi күнi Астана уақыты бойынша сағат 17-де Қазақстан Парламентiнiң 5 сессиясы ресми түрде ашылды.

Оған Үкiметтiң толық құрамы және Қазақстан Президентiне есептi мемлекеттiк органдардың басшылары қатысты.

Парламент Мәжiлiсi баспасөз қызметiнiң жетекшiсi Жiгiткер Байтiлесовтың айтуынша, алдағы сессия басталған беттен-ақ маңызды заң жобаларын қараумен ерекшеленетiн болады. Солардың бiрi - «Саулау туралы» жаңа заң жобасы. Бiр айта кетерлiгi, «Сайлау туралы» заң жобасы екеу. Үкiметтiк жоба бұдан екi ай бұрын келiп түскен. Депутаттардың балама жобасы тағы бар.

Өткен жаз айларында Парламент мәжiлiсiнiң қарауына ұсынылған үкiметтiк 13 заң жобалсының арасында Каспи теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн межелеп бөлу сызықтарының түйiсу нүктесi туралы Қазақстан, Ресей және Әзiрбайжан мемлекеттерi арасында жасалған келiсiм де бар. Аталған келiсiмдi заң жобасы ретiнде өндiрiске алу мәселесi Парламент сессиясының ресми ашылуынан кейiн iле-шала, яғни, қыркүйектiң 2-сi күнi кешкiсiн Мәжiлiс бюросының алғашқы отырысының күн тәртiбiне қойылды. Қазақстан, Ресей және Әзiрбайжан мемлекеттерiнiң үшжақты келiсiмiнде теңiз түбiнiң шегаралас учаскесiн межелеу кординаталары былайша көрсетiлген:

Солтүстiк ендiктiң 42 градус 33,6 минуты, шығыс бойлықтың 49 градус 53,3 градус минуты

5-сессияда қаралатын алғашқы заң жобаларының қатарында Тәуелсiз мемлекеттер Достастығы елдерiндегi транспорттық коммуникациялардың ортақ жүйесiн құру туралы келiсiмдi бекiту мәселесiнiң де күнтәртiбiне қойылуы мүмкiн. Тәуелсiз мемлекеттер достастығына мүше-елдердiң үкiмет басшылары 2001 жылғы мамырдың 31-i күнi қол қойған бұл құжат достастық елдерiнiң әскер- қорғаныс мүддесiн көздейдi.
XS
SM
MD
LG