Accessibility links

Алматыда «ҚазБильд-2003» атты көрме өтеді


Алматыда «ҚазБильд-2003» атты көрме өтеді

Қыркүйектің 3-і мен 6–сы аралығында Алматы қаласының «Атакент» көрме орталығында «Құрылыс және интерьер, жылыту және желдету» тақырыбы бойынша «ҚазБильд-2003» атты 10-ыншы халықаралық құрылыс көрмесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі 2 қырқүйек күні.

Бұл көрмеде Қазақстан, Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Дания, Италия, Өзбекстан және Ресейдің құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдері таныстырылмақ. Сондай-ақ, көрмеде тұңғыш рет Корей мемлекетінің ұлттық стенді мен Бавария (немістік) құрылыс компаниясының экспозициялары ұсынылмақ. Биыл аталмыш көрмеге 19 мемлекеттен 300 ден астам компаниялар қатысады деп күтілуде. Оның 50 пайыздан астамы отандық компаниялар. Көрмеге Қазаққұрылыс комитеті мен Алматы қалалық әкімдігі демеушілік жасап отыр.
XS
SM
MD
LG