Accessibility links

Құрама Штаттары Ирақтағы өз әскерін қысқартпақ ниетте.


Вашингтон. Құрама Штаттары өзінің Ирақтағы әскерін 50 пайызға қысқартуы мүмкін. Бұ жәйлі Конгресстің бюджет офисі бүгін мәлімдеген. Бұл мәлімдемеде көрсетілгендей Ирақтағы әскер саны алдағы жылдан бастап 38 мыңнан 64 мың аралағында болуға тиіс. Бүгінде Ирақта 150 мың америка әскері тұр. Кеше Ирақтағы америка әкімі Пол Бремер Ирақтағы тұрақтылықты сақтау жолында Ирақ полициясын 65, 75 мыңға шейін жеткізуді ниеттеп отырғанын айтты. Ирақ полициясын 65, 75 мыңға жеткізу жөнінде бізде бағдарлама бар деді Бремер. Бүгін ҚШ президенті Джордж Буш сыртқы істер министрі Колин Пауелге БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Ирақтағы қауіпсіздікті халықаралық қолдау жөніндегі келіссөздерді бастауға тапсырма берді.
XS
SM
MD
LG