Онда Астанада өтетін Әлемдік діни форум кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жайы талқыланды. «Құқықтық тәртіп» операциясы кезінде полиция мен ішкі әскер қызметкерлері қаладағы шетелдік азаматтар арасында заңсыз жүргендері бар-жоғын анықтау мақсатында шелдіктер тұратын пәтерлер мен жатақханаларды аралайды. Сонымен бірге ішкі істер органдарында есепте тұрғандар қатаң тексеріледі. Барлық тексеру пункттерінде сақтық шаралары күшейтіліп барлық қалаға келіп-кететіп автокөліктер де бақылауға алынады. Қалалық миграциялық полиция басқармасының бастығы полковник Серажидин Сұлтановтың айтуынша діни съезге келетін меймандарға арнайы тіркеу қағазы дайындалуда.
Қыркүйектің 3-і мен 13-і аралығында қалада «Құқықтық тәртіп» операциясы өткізіледі.
- Мартбек МЕКЕНТАЙҰЛЫ
Бұл жөнінде қыркүйектің 3-і күні Астана қалалық ішкі істер басқармасында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.