Accessibility links

Ауыр жұмыс істейтіндер әлеуметтік жеңілдікке зәру


Парламентте кейбір зейнетақы заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі талқыланды.

Қыркүйектің 4-і күні Парламентте өткен «Еңбек» депутаттық тобының отырсында ауыр және залалды жағдайларда жұмыс істеген адамдарға жұмыс берушілердің қаржысынан зейнетақы жарналарын міндетті аудару туралы зейнетақы заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі талқыланды. Отырысқа Кәсіподақтар Федерациясының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Ризахмет Молдажанов, қолданыстағы заңда ауыр жұмыс істейтін адамдарға жұмыс берушілер өз еркімен зейнетақы жинақтау қорына қосымша қаржы аударуы қажеттілігін көрсетілгенін, бірақ оның іс жүзінде орындалмай отырғанын айтты.

Тағы бір мәселе, өте ауыр жұмыс істейтін адамдардың зейнеткерлікке шығуын жеңілдетуді көздейді. Зейнетақы мәселесінде де біраз сұрақтар туындап отыр.

Өткен сессияның соңында біраз депутаттар өте ауыр жұмыс істейтін әйелдердің 55 жастан, ерлердің 58 жастан зейнеткерлікке шығуы туралы заң жобасын ұсынған болатын. Оған Үкімет жауап беруі керек еді. Бірақ жауап бермей отыр. Зейнеткерлер арасында зейнетақы көлеміне наразылық айтушылар көп, деді Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Ризахмет Молдажанов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, осы жылдың басында қабылданған заңды іске асыруда, қосымша қаржы аударымына құқы бар мамандықтардың тізімі биылғы жылдың 15-ші мамырында бекітілгенін, сондықтанда заңның қалай жұмыс істейтінін бақылап, нәтижесін көрелік,- деген жауабын місе тұтпаған Мәжіліс депутаты Алимпиада Черкашина, бұл тақырыпты депутаттар көтергенін айтып, бұған кәсіподақтарды араластырмаңыз деп мәселені екінші қырынан көтерді.

Отырыс барысы аталған мәселенің әзірге талқылау деңгейінде қалып отырғанын көрсетті.
XS
SM
MD
LG