Accessibility links

Генерал Р.Санчес: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ирақтағы халықаралық күштерді ұлғайту қажет.


БАҒДАД: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ирақтағы халықаралық күштерді ұлғайту қажет. Осы аймақтағы АҚШ әскерінің қолбасшысы генерал Рикардо Санчес осылай деп мәлімдеуде. Оның сөзіне қарағанда, ел ішінде ауқымды қақтығыс шығатын жағдайда, Ирақтағы қазіргі халықаралық күштер жеткіліксіз болады. Генерал Санчестің үзілді-кесілді мәлімдеуінше, АҚШ өзінің Ирақтағы әскер санын ұлғайтуды көздемейді. Британ премьер-министрі Тони Блэр Ирақтағы ахуалды күрделі деп бағалап, әскери британ басшылығының Ираққа қосымша әскер жіберу мәселесін талдап жатқанын хабарлады. АҚШ таяу болашақта БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне Ирақтағы бітімгершілік операцияларына атсалысуға барлық елді шақыратын Қаулының жобасын ұсынады. БҰҰ-ы мақұлдаған жағдайда, бейсенбі күні бітімгершілік шарасына өзінің қатысу мүмкіндігін Ресей де мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG