ГААГА: Әскери қылмыстар бойынша Гаага трибуналында Босниядағы концлагердің бұрынғы коменданты адамзатқа қарсы жасаған өз қылмыстарын мойындады. Босниялық серб Драган Николич 1992-1995-інші жылдардағы соғыс кезінде өз лагерінде отырған негізінен мұсылман тұтқындарды зорлап-жәбірлеп өлтіргендерін, оларға жыныстық зорлық жасалғанын толық растады. Бұған дейін Д.Николич өзін кінәсізбін деп мәлімдеп келді. Прокурорлар оны 16 жылдық мерзімге түрмеге кесуді талап етуде.
Гаага трибуналында Босниядағы концлагердің бұрынғы коменданты адамзатқа қарсы жасаған өз қылмыстарын мойындады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Халықаралық сарапшы пікірі
"Әлеуметтік толқу қаупін" арттырған "Назарбаев стиліндегі сайлау"
AzattyqTV