ТАЯУ ШЫҒЫС: Палестинаны азат ету Ұйымының Атқарушы комитеті мен Фатх қозғалысының басшылығы Палестина автономиясының премьер-министрлігіне ұсынылған Ахмад Курайаның кандидаттығын мақұлдады. Оны үкімет басына Автономия жетекшісі Ясир Арафат ұсынып отыр. Ахмад Курайаның өзі премьер-министр лауазымына отыруға әлі келісімін берген жоқ. Ахмад Курайа – Палестина парламентінің төрағасы әрі Израиль мен Палестинаны азат ету Ұйымының арасындағы 1993-інші жылы Ослода қол қойылған бітімге ұйытқы болғандардың бірі болып табылады.
Палестинаны азат ету Ұйымының Атқарушы комитеті мен Фатх қозғалысының басшылығы Палестина автономиясының премьер-министрлігіне ұсынылған Ахмад Курайаның кандидаттығын мақұлдады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсанға саяси баға беру, қуғын-сүргін ұйымдастырғандарды жауапқа тарту талабы неге аяқсыз қалды?
AzattyqTV