Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлдің мәлімдеуінше, Палестина автономиясының болашақ премьер-министрі террористік ұйымдардың іс-қимылдарына төтеп бере алатындай жігерлі болуы керек.


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлдің мәлімдеуінше, Палестина автономиясының болашақ премьер-министрі террористік ұйымдардың іс-қимылдарына төтеп бере алатындай жігерлі болуы керек. К.Пауэлл ол мәлімдемесін Махмуд Аббастың Автономия үкіметінің төрағалығынан кетуіне байланысты жасады. Палестиндік барлық қауіпсіздік қызметтері, деп үзілді-кесілді атап көрсетті АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы, түгел болашақ премьер-министрге бағынулары керек, ал парламент - террористік топтарға қарсы күресінде оған сөзсіз қолдау көрсетуге тиіс.
XS
SM
MD
LG