ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы ахуалға және терроризмге қарсы соғыстың барысы жайында американ халқына үндеу жолдады. Ол үндеуінде президент Ирақты қайта көтеруге және терроризмге қарсы Ауғанстандағы соғысты қаржыландыруға Конгрестен 87 млрд. доллар қаржы бөлуді сұрайтынын хабарлады. Дж.Буш Ирақтағы ахуалды тұрақтандыру мен демократияны дамытуда БҰҰ-ының рөлін кеңейтуге шақырды. АҚШ президентінің хабарлауынша, терроризмге қарсы күрес әрі қарай жалғасуда және ол соғыстың ең басты майданы Ирақ болып табылады. Осы мақсаттарға, деп үзілді-кесілді мәлімдеді президент Дж.Буш, қанша қаржы қажет болса, Америка Құрама Шаттары соншама қаржы жұмсауға дайын. АҚШ президенті бұл үндеуін 11-інші қыркүектегі террористік қастандықтың 2 жылдығы қарсаңында жолдап отыр.
АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы ахуалға және терроризмге қарсы соғыстың барысы жайында американ халқына үндеу жолдады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты