Accessibility links

Қазақстан жаңалықтары


Бүгін Қазақстанда ресми сапармен жүрген Румыния президенті Ион Илиеску Алматыда болады, ол ең алдымен Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездеседі, сондай – ақ Қазақстан мен Румыния кәсіпкерлерінің бірлескен форумына да қатысады.

Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінің өсімінде мұнай секторының үлес салмағы 47 процентті құрайды. Бұл туралы мәліметті 9-қыркүйекте Астанада өткен үкімет отырысының қорытындысына арналған қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов жариялаған. Министр сондай-ақ 2004 –жылғы республикалық бюджеттің дефициті 92,7 млрд. теңгені құрайды деді,- деп хабарлайды KZ-today агенттігі

Астанада өткелі отырған Әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер Құрылтайына дейін Астананың орталық мешітін қайта жарақтандыру аяқталады деп жобаланған. Бұл форумға 18 делегацияның қатысатындығы қазірдің өзінде белгілі болып отыр, олар Астанадағы ең басты орталық - İслам үйін аралап көретін болады.

Қыркүйек айының 22-сі Қазақстанда тіл мерексі ретінде аталып өтіліп келеді. Биылғы жылы бұл мереке аясында Қазақстан халықтары тілдерінің бесінші фестивалын қыркүйектің 16-ы мен 22-і аралығында өткізу жоспарланған. Бағдарламада Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы бар.
XS
SM
MD
LG