Accessibility links

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ливияға қарсы санкцияларды алып тастау жөніндегі шешімге дауыс беруді жұмаға дейін шегерген.


Ұлыбритания мен АҚШ жақында Ливия 1988 жылғы реактивті жолаушылар ұшағына жасалған бомба жарылысына жауапты деп табылған, соған байланысты қойылған барлық талаптарды орындады деген болатын. Алайда шектеулерді алып тастауды кейінге қалдыруға Францияның наразылығы себеп болған. Франция 1989 жылғы ұшақ жарылысында қаза тапқан 170 франция азаматының отбасылары өтемақы алмайтын болса, санкцияларды алуға қарсылық білдірген. Ливия бұл жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алған емес, дегенмен де 1999 жылы 34 миллион доллар өтемақы төлеуге келіскен болатын.
XS
SM
MD
LG