Accessibility links

Кеше Бағдадта қолдан жасалған жарылғыш затты залалсыздандыру кезінде бір американ солдаты қаза тапқан.


АҚШ-тың қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфелд Вашингтонда сөйлеген сөзінде Ирақтағы Американың күш-жігері босқа кеткен жоқ, алға жылжушылық болды деген: - Егер сіз кейін қарасаңыз, тек төрт жарым ай бұрын ғана Саддам Хусейін жүйесі орнында болатын. Жазықсыз жандардың молаларын қаптатып, кінәсі жоқ әйелдер мен ерлердің денелерімен толтыратын, түрмелерде де солай, азапталып, өлтіріліп жататын, мұның бәрі адамдардың басын көтертпейтін, енді міне сол жоқ, олардың бәрі азат болған. Ирақтың осы ай барысындағы президенті Ахмед Чалаби Ирақ енді шетелдік жасақтарды қажет етпейді деп айтқан. Ол кеңестің мақсаты - елдің толықтай егемендігі деген.
XS
SM
MD
LG