Accessibility links

Қазақстан жаңалықтары


Кеше Малайзияның жоғарғы басқарушысы Саид Сираджуддин Ибн Әл-Мархум Туанку мырзаның Қазақстандағы мемлекеттік сапары басталды деп хабарлайды Хабар агенттігі. Ол Ұлыбританиядағы Корольдіктің әскери академиясын бітіріп, 1965 пен 1972 жылдар аралығында Малайзия Корорлдігінің Қарулы күштерінде қызмет еткен.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде Республиканың мемлекеттік тілі-қазақ тілінің қолдану аясы жөнінде Қазақстан парламенті комитетінің көшпелі мәжілі болып, ол тұңғыш рет толықтай мемелекттік тіл- қазақ тілінде өткізілді деп хабарлайды Астанадағы тілшілеріміз.

Қазақстанда мерзімді басылымдар мен электрондық БАҚ-на жеңілдетілген салық тәртібін қолдану мерзімін ұзарету қажет. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР-ның президенті жанындағы БАҚ-ы жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері мәлімдеген.

Алматы қаласында қыркүйектің 16 мен 18 аралығында ТМД-ы мен Балтық елдері банктерінің төртінші халықаралық конференциясы өткізілгелі отыр деп хабарлайды біздің Алматыдағы тілшілеріміз.

Кеше қазақстандық белгілі әнші-композитор Марат Омаров Египеттің астанасы Каирде өткен халықаралық ән байқауында бас жүлдені жеңіп алып қайтты деп хабарлайды Хабар агенттігі. Дүниежүзілік фестивалдар мен конкурстар қауымдастығының ұйымдастыруымен тоғызыншы рет өткізілген байқаудың тақырыбы – батырлық пен Отанға деген сүйіспеншілік. 45 елден өнерпаздар бақ сынаған ән сайысында Марат Омаров "Бейбарыс" атты жаңа туындысымен үздік шыққан.



Қазақстанның жаңа астанасы –Астана қаласының тарихы мен оның өсу қалыптасу жолына арналған әдеби шығармаларға Сәкен Сейфуллин атындағы байқау жарияланып, әрқайсысы 1 мың АҚШ доллары болатын арнайы үш жүлде тағайындалды деген Қазақстан жазушылар одағының астаналық өкілдігінің директоры, жазушы Алдан Смайылов. Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби жүлде поэзия мен прозалық жане публицистика саласындағы үздік дүниелерге берілмек деп хабарлайды біздің тілшілеріміз.
XS
SM
MD
LG