Accessibility links

Колин Пауелл Ирақта еркіндік самалы соғатынына сенімдімін дейді.


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл америка күштеріне күнде шабуыл жасалып, қауіпсіздіктің басқа да проблемалары орын алып жатқанына қарамастан, Ирақта еркіндік самалы соғатынына сенімдімін дейді. Ол жексенбі күні Бағдадта журналистермен кездесуде айтқан бұл сөздерді. Пауелл амуерикандық жасақтар Ираққа азат етуші ретінде келді және олар мұнда қажет болған уақытқа дейін ғана тұрады деп атап көрсеткен. Бірақ ол күштердің қашан кететіні, биліктің Ирақтың өзіне қай уақытта берілетіні жөнінде нақты ашып айтпаған. - Біз басып алушылар емеспіз. Біз халықаралық хұққа сәйкес, кесімді заңды мерзімге келдік, алайда біз Ираққа азат етуші ретінде келдік. Бізде азат етушілік тәжірибе бар, соңғы 50, 60 жылдағы біздің тарихымыз белгілі. Қаншама елдерді азат еттік. Олардың біз бір шаршы метр де жерін алған жоқпыз, тек адамдарымызды жоғалттық, - деген АҚШ мемлекеттік хатшысы. Пауелл Бағдадта болған кезде Фаллужа қаласында бір американ солдаты өліп, үшеуі жарақат алған деп хабарлайды американдық әскерилер.
XS
SM
MD
LG