Accessibility links

“Ақ жол” партиясы баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Сарымов соққыға жығылды


“Ақ жол” партиясы баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Сарымовті алдыңғы аптада сәрсенбі күні белгісіз біреулер өз пәтерінің алдында соққыға жығып, “Ноутбук” компьютері салынған портфелін алып кеткен.

Сарымов жұма күні Астана қаласында сол кездегі Ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменов пен Бас прокурор Рашид Түсіпбековке шағым хат жазып, қылмыстық іс қозғалған. Бұл Саримовпен соңғы айларда болған екінші келеңсіз оқиға. Сондықтан, осы партияның органы болып табылатын “Ақ жол Қазақстан” газетінің бас редактор орынбасары Бақыт Ойса бұл оқиғаны жергілікті мәслихаттарға депутаттарды сайлау алдында жасалып отырған қысым деп деп бағалайды.
XS
SM
MD
LG