СТОКҺОЛЬМ: Ортақ еуропалық валюта - еуро аумағына қосылу мәселесі бойынша ұйымдастырылған референдумда жеңіліске ұшырауына қарамастан, Швецияның премьер-министрі Йоран Перссонның үкімет басынан кету ниеті жоқ. Елде ортақеуропалық валютаны енгізу бойынша жексенбі күні болып өткен референдумның барысында оған 56 пайыз сайлаушының қарсы дауыс беруі, Й.Перссонның пікірінше, Швеция үшін кері әсерінің болуы сөзсіз. Алайда, деп атап көрсетті швед премьер-министрі, референдумда үкіметке сенім білдіру мәселесі дауысқа салынған жоқ. Еуропалық Комиссия ендігі жерде Швеция Еуроодақ шеңберіндегі кейбір проблемаларды шешуге ат салыса алмайды деп Стокһольмді ескертіп үлгерді.
Еуроаумағына кірі мәселесі бойынша референдумда үкіметтің жеңіліс табуына қарамастан, Швецияның премьер-министрі Йоран Перссонның үкімет басынан кету ниеті жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Советті сынау, түрме, Азаттық. Махмет Құлмағамбеттің соңғы сұхбаты
-
Тұңғыш президент күні
Назарбаевта не қалды? Экс-президенттің билігі мен байлығы
-
Көрсетілмейтін дерек
Қазақстанда күштік құрылымдардың шығыны қанша?