Accessibility links

АҚШ үкіметі американ-ресей бас қосуы қыркүйектің 26-27-сінде Вашингтон іргесіндегі Кэмп-Дэвидте өтетінін ресми түрде жариялады.


ВАШИНГТОН: АҚШ үкіметі американ-ресей бас қосуы қыркүйектің 26-27-сінде Вашингтон іргесіндегі Кэмп-Дэвидте өтетінін ресми түрде жариялады. Ақ үйдің өкілі Скотт МакЛилланның мәлімдеуінше, АҚШ пен Ресей президенттері Дж.Буш пен Владимир Путиннің кездесуіндегі басты мақсат – 21-інші ғасырдағы ортақ қауіп-қатердің пайда болуы жағдайында екі жақты ынтымақтастықты тереңдету болып табылады. Бас қосудың алдында В.Путин БҰҰ-ының Нью-Йорктегі Бас Ассамблеясында сөз сөйлейді деп күтілуде. АҚШ - Қауіпсіздік Кеңесіне Ирақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тұрақтылықты сақтау ісінде БҰҰ-ының рөлін кеңейту қарастырылған жаңа Қаулысын қабылдатуға ұмтылуда. Сонымен бірге Вашингтон Ирақтағы саяси және әскери бақылаудың тізгінін өз қолында қалдырмақ.
XS
SM
MD
LG