Accessibility links

Орталық Азиядағы саяси тұрақтылық жайы


Орталық Азиядағы саяси тұрақтылықтың баянды болуына арналған басқосуға жапон саясаткерлері де қатысты

Орталық Азияда, сондай-ақ Қазақстанда саяси және экономикалық тұрақтылықтың баянды болуына Жапония да мүдделі. Осыған орай сейсенбіде өткен жиында хауіпсіздік мәселелері талқыланды. Саясаттанушылар Орталық Азиямен оның шыңысындағы саяси ахуалды жиі талқыға салып, електен өткізудің пайдасы мол дейді. Өйткені соңғы екі жылда осы аймақта елеулі өзгерістер орын алды. Буыны енді беки бастады деген елдер арасында Қазақстанның беделі өсе түсті дегенімен, республиканың аты әлі көп елге таныс емес.

Мысалы, Жапония саясаттанушылары Қазақстанның жері үлкен, байлығы мол екенін ғана біледі. Жапон елі тәжірибесі мол, байлықсыз да жақсы өмір сүруге болатынын дәлелдей алды. Ал керісінше, кей елдер мол байлығы бола тұра кедейшіліктен көз ашпайды. Бұл ойланарлық жәйт дейді Токио университетінің өкілі профессор Сигеки Хакамада мырза. Саясаткер соғыс саяси тұрақсыздық қана емес, экоконмикалық зардапқа да ұрындырады дейді. Орта Азия елдері тәуелсіздігін нығайтудың бірден бір жолы - өзара ауызбірлік. Басқосуда саясаткерлер тарапынан осындай пікірлер жиі айтылды.
XS
SM
MD
LG