Accessibility links

Түсіпбек Сіләмқұлұлының фотосурет көрмесі


16 қыркүйек күні Алматыдағы Достық үйінде Қытайдағы қазақтардан тұңғыш шыққан мемлекеттік дәрежедегі фотосуретші Түсіпбек Сіләмқұлұлының фотосурет көрмесі ашылды.

Көрме 4 күн өтетін болады. Онда Түсіпбек Сіләмбекұлының 10 мыңға жуық шығармасынан іріктеліп алынған 162 фотосурет қойылған. Көрмедегі суреттің 40 проценті көркем көріністер болса, 60 проценті этнографиялық шығармалар. Этонграфиялық суреттерде қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі көрініс тапқан.

Шебер түсірілген бұл еңбектер шет ел фото мамандарының назарынан тысқары қалған жоқ. 1996 жылы Қытайда өткен, 60 елдің белгілі фотосуретшілері қатысқан, Халықаралық көрмеде оның «Отар тұрмысы», «Тянь-Шань кемпірқосағы», «Қаралы» дала атты жылпы саны 6 суреті жоғарғы баға алды. Осыдан бастап менің фотосуретші ретінде беделім арта түсті дейді «Шыңжаң» суретті журналының бас редакторы, фотосурет докторы, профессор Түсіпбек Сіләмқұлұлы.

Жалпы Түсіпбек Сіләмқұлұлы мамандығы бойынша журналист. Баспасөз саласында 30 жылдам астам еңбек еткен Түсіпбек Сіләмқұлұлының осы жылдар арасында баспасөзде 4 мыңға жуық фотосуреттері мен 200- ге жуық мақалалары жарияланды. Сондай-ақ, оның «Қытай қазақтары», «Қазақ тұрмыс – салты» сияқты фотоальбомдары қазақ, қытай, ағылшын, жапон тілдерінде жарық көрді. Сонымен қатар ол «Фотосурет техникасы», «Қияндағы химеттер» атты кітаптардың авторы. Қазақстанға келген Түсіпбек Сіләмқұлұлы жақында Алматыда орыс тілінде «Ертіс» деп аталатын журнал ашуды жоспарлап отырғандығын да айтып өтті.

Ал, Қазақстанға келген фотосуретшінің шығармаларына Алматыдағы «Жалын» журналының фототілшісі Адал Қарибекұлы мынандай баға берді.

Ал, Түсіпбек Сіләмқұлұлының «Қазақ тұрмыс-салты» атты альбомына Қытайдағы қазақтар арасынан шыққан белгілі профессор, жазушы, тарих зерттеушісі Сұлтан Жанболатов «бір томға сыйған көп роман» деген жоғары баға беріпті.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG