Accessibility links

Оппозициялық бағыттағы “Қазақстан демократиялық таңдауы” қозғалысының Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы қызметін тоқтатты


Бұл туралы кеше Өскемен қаласында облыстық ұйымның төрағасы Батық Төлеубаев мәлімдеді. Сөйтіп, ұйымның 800 мүшесі бойын аулақ әкететіні айтылды. Батық Төлеубаев мұны абақтыда отырған "Қазақстан демократиялық таңдауының" төрағасы Ғалымжан Жақияновтың жағдайымен емес, өз ара айтыс тартыстарымен, ішін-ара жанжалдарымен сипаттады.
XS
SM
MD
LG