Accessibility links

Тау-кен жабдықтарының көрмесі мен конференциясы


Алматыда 17-19 қыркүйек аралығында 9-ыншы Орталық Азия халықаралық «Тау-кен өндіру, тау-кен жабдығы» бойынша –«Mining World Central Asia-2003» көрмесі мен конференциясы өтеді.

Бұл туралы қыркүйектің 17-сінде көрмені ұйымдастырушылар ақпарат таратты.

Аталмыш жобаға қатысушы отандық және шет елдік компаниялар санының ұлғаюы мен оның концепциясының жаңаруына, байланысты осыдан бір жыл бұрын Қазақстан және Орталық Азия тау-кен және металлургия өнеркәсібінің мамандар форумы бұрынғы аты «КазМин КазМетті - «Mining World Central Asia-2003» деп өзгерткенін мәлімдеді.

9-ыншы Орталық Азия халықаралық «Тау-кен өндіру, тау-кен жабдығы» бойынша –«Mining World Central Asia-2003» жобасының мақсаты туралы Төлеген Мұқанов былай дейді: Жаңа компанияларды таныстыру, тау-кен өнеркәсібі саласына инвестиция тарту, халықаралық, экономикалық ішкі байланыстарды дамыту, аймақтың мүмкіндіктерін көрсету. Қазақстан және Орталық Азия елдерінде тау-кен өндіру саласына мемлекеттік бағдарламаларды енгізу болып табылады.

«Mining World Central Asia-2003» жобасы негізгі 2- шарадан 17-19 қыркүйек аралығында 9-шы халықаралық «Тау-кен өндіру, тау-кен жабдығы» көрмесі және 2-ші Орталық Азия халықаралық «Тау-кен өндіру, тау-кен жабдығы» тақырыбына өтетін ғылыми конференциядан тұрады.

9-ышы Орталық Азия халықаралық «Mining World Central Asia-2003» көрмесі бірнеше бөлімдерден тұрады. Ашық және жер астындағы тау-кен жұмыстары, металдарды шығару, балқыту және тазалау, пайдалы қазбаларды байыту барлау, тасымалдау.

Көрмеге Беларусь, Ұлыбритания, Алмания, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, Словакия, Туркия, Өзбекстан, т.б. 17 елдің 190 компаниясы қатысады. Көрменің ұйымдастырушыларының айтуына қарағанда, биылғы жылы көрмеге қатысушылар саны 40 пайызға көбейіп, ал экспозиция көлемі 20 пайызға кеңейген.

«Mining World Central Asia-2003» халықаралық конференциясына 40 астам баяндамашылар мен 150-ге жуық делегат қатыспақ. Екі күндік конференция барысында «Орталық Азияда минералды шикізатты өңдеу» және «Минералды шикізатты өңдеу барысында гидрометаллургиялық процесстер» тақырыптары бойынша мәселелер сөз етіледі. «Mining World Central Asia-2003» жобасы шеңберінде Ресейдің Норильский никель акционерлік қоғамының озық мамандарының қатысуымен Қазақстанның никель кобалть өнеркәсібі болашағын сөз ететін дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр дейді «Mining World Central Asia-2003» жобасының ұйымдастырушылары.
XS
SM
MD
LG