Accessibility links

Молдова биыл Қазақстаннан 100 мың тонна астық сатып алады.


Молдова биыл Қазақстаннан 100 мың тонна астық сатып алады. Қазақ ақпарат агенттігінің Кишинэуден хабарлағанындай, 2 күндік ресми сапармен Молдовада жүрген Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен келіссөздерден кейін Молдова президенті Владимир Воронин осылай деп мәлімдеді. Президент Н.Назарбаев атап көрсеткендей, биыл Қазақстан бірнеше млн. тонна астықты, оның ішінде Молдовадағы қалыптасқан ахуалды ескере отырып, оған қажетті астықты экспорттайды. Оның пікірінше, Ресей және Украинамен ол астықты олардың территориясымен тасымалдап жеткізу мәселесін талдау керек болады. Оның есесіне Молдовада биыл күнбағыстың шығымы өте жақсы болған, ал Қазақстан күнбағыс майының 60 пайызын сырттан сатып алуда.
XS
SM
MD
LG