Қытай сыртқы істер министрлігінің жоғары өкілі Ли Хюей сәрсенбі күні баспасөз мәслихатын өткізіп, терроризмге қарсы күрес Шаңқай ынтымақтастық ұйымының негізгі мақсаттарының бірі деп сипаттады. Бұл жөнінде Пекиннен Итар-Тасс агенттігі хабарлады.
Шаңқай ынтымақтастық ұйымы халықаралық терроризмге қарсы, сепаратизмге қарсы жұмыла түсті деді Қытай өкілі. Аймаққа қауіп төндірген күштердің қатарында Қытай өкілі "Шығыс Түркістан" қозғалысын атады. Қазақстан мен Қытайда жақында өткен антитеррорлық әскери ойын әріптестіктің нышаны ретінде сипатталды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты