Accessibility links

Нью-Йорк қор биржасының төрағасы Ричард Грассо қызметінен түсті


Бұл жаңалық "Уолл стриит джорнел" газетінің интернет сайтында жарияланды. Ричард Грассоның жеке табысы тамыз айының соңынан бері қоғам ішінде наразылық тудырып келеді. Нью-Йорк қор биржасы оның табысы 140 миллион доллар құрағанын хабарлаған еді. Бұл мәлімет мүдделер қақтығысы тұрғысынан көптеген сұрақ туғызды. Ричард Грассо ықпалы өтетін компаниялардан осыншама ақшаны қалай алды деген дау көтеріліп отыр.
XS
SM
MD
LG