Accessibility links

«Тіл – мәдениет мұраларына бастар жол» атты республикалық байқауда барлық жүлдеге Наталья есімді үш қыз ие болды.


Қыркүйектің 18-і күні өткізілген «Тіл – мәдениет мұраларына бастар жол» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. 4 сынақ бойынша өткізілген байқауда барлық жүлдеге Наталья есімді үш қыз, атап айтқанда - бас жүлдеге алматылық Наталья Саджина, бірінші орынға Ақмоладан келген Наталья Дементьева, ал екінші және үшінші орындарға Солтүстік Қазақстан өңірінен келген үшінші Наталья мен тараздық Вера Попова ие болды. Жеңімпаздар компьютер, телевизор сияқты бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
XS
SM
MD
LG