Accessibility links

Дариға Назарбаева кеше Түркістан қаласында "Асар" партиясын құратынын мәлімдеді


Жаңадан құрылған "Асар" ұйымының саяси партияға айналуы әбден мүмкін деп ұйым төрайымы Дариға Назарбаева осыдан екі күн бұрын Павлодарда айтқан болатын. Он қаланы аралаған Дариға Назарбаева сапар қортындысын Түркістанда жасады, деп хабарлайды "Хабар" телекомпаниясы. - "Асар" партиясының мақсаты - әкемді, президент Назарбаевты, қарсыластарының шүйлігуінен қорғау емес. Әкеме емес, әкем адал берілген іске ниеті дұрыс барлық қазақстандықтардың қолдауы қажет, - деді Дариға Назарбаева. Бұл мәлімдемесін жасар алдында Дариға Назарбаева Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етті.
XS
SM
MD
LG