Қара теңіздегі Ялта қаласында бүгін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жиыны одан ары жалғасады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бірыңғай экономикалық кеңестікті құру ТМД шеңберінде тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін айналымына жағдай жасайды деп біледі. Бірыңғай экономикалық кеңестікті құру келісіміне Қазақстан, Ресей, Украина және Беларус басшылары бүгін қол қоймақ. Бірыңғай экономикалық кеңестікті басқару үшін ортақ мекеме құрылмақ.
Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ресей президенті Владимир Путин және Әзірбайжан бас министрі Ильхам Әлиевпен келіссөз өткізді. Президент Ғейдар Әлиев қатты науқас болғандықтан, ТМД саммитіне оның ұлы, бас министрлікке жаңадан тағайындалған Ильхам Әлиев келді. Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді келесі жылдың басында Қазақстанға ресми сапарға шақырды. Келесі жылы Қазақстанда "Ресей жылы" деген науқан өткізілмек.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?