Марокко соты 32 жасар Франция азаматы Пиер Робертті және екі мароккандықты өмірлік абақтыға терроризм айыбы бойынша кесті. Олар мамыр айында Касабланка қаласында жасалған бомбашы жанкештілердің шабуылдарын ұйымдастырды деп табылды.
Ислам дініне өткен Пиер Робертпен қоса террорлық шабуылдарға әрекет жасады деп оның 30 серіктесі табылды. Олар 30 жылға шейінгі мерзімде бас бостандықтарынан айырылды. Олардың әрекетінен 33 адам қаза тапқан, 12 жанкештінің де өмірі қиылған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Армения-Әзербайжан шиеленісі
Жарылыс, босқындар және ереуіл. Таулы Қарабақтағы жағдайдың мән-жайы
AzattyqTV