Accessibility links

Қазақгейт жанжалы бойынша "Мобил ойл" корпорациясының бұрынғы басшысы сотталды.


"Ассошейтед пресс" ақпарат агенттігі хабарлағандай, Қазақстанның ресми өкілдеріне қатысты қылмыстық іске қатысты айыпталған "Мобил ойл " компаниясының бұрынғы басшысы Брайан Уильямстың соты бейсенбі күні аяқталып, Брайан Уильямс 3 жыл 10 айға түрмеге жабылды, Брайан Уильямстың Қазақстандағы мұнай шаруасын реттеуде 2 млн доллар пара алғаны және салық төлемдерінде 7 млн доллар табысын жасырғаны анықталды. Судья Баер, енді Брайан Уильямстың 25 мың доллар айыппұл төлеп, 1993 –2000 жылдардағы 3 млн-нан аса салықтық төлемдерін өтеуін міндеттеді. Бұл сот Федералды барлау қызметі мен ақпараттық іздеу жүйесінің 1990 жылдары Брайан Уильямс пен Қазақстандық басшылардың мұнай ісіндегі табыстарын тергеу барысында жүргізілді. Қазақгейт деген атаумен белгілі тергеу әлі жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG