Accessibility links

Қазақстан және Құрама Штаттары тараптары бір-бірінің азаматтарын Халықаралық қылмыстық сотқа жауапқа тартпау жөніндегі келісімге қол қойды.


Дүйсенбі күні аталған келісімге БҰҰ-да АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел және Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев қол қойды. Құрама Штаттарымен осындай келісімге қол қойып отырған Қазақстан 63-ші ел болып отыр. Америка азаматтары мен әскери өкілдерін саяси мақсатта сотқа тартуы мүмкін деген оймен Буш әкімшілігі Гаагада орналасқан Халықаралық қылмыстық істер бойынша соттың шартын мойындамай қойған болатын. Аталған сот келісіміне қол қойған, алайда америкалықтарды сот ісінен босататын келісімге АҚШ-пен келісіпеген елдер Құрама Штаттарының әскери көмектерінен айрылатын болады деп ескерткен еді Буш әкімшілігі.
XS
SM
MD
LG