Accessibility links

НАТО-ның жаңа бас хатшысы белгіленіп отыр.


Голландияның сыртқы істер министрі Жәп де Хуп Шеффер дүйсенбі күні НАТО-ның шешім қабылдаушы органы - Солтүстік Атлантика Кеңесі арқылы болашақ бас хатшы ретінде сайланды. Ал, қазіргі бас хатшы Жорж Робертсонның мерзімі осы жылдың соңында бітпекші. Тағайындала салысымен BBC жаңалықтар бағдарламасына берген сұхбатында Шеффер мырза НАТО рөлінің қырғи қабақ соғысы жылдарындағыдай маңызды күйінде қала беретіндігін айтты. - Алайда-, деген ол-, альянстың жауы Варшава шартына мүше елдер боп келген болса, енді қазір ол өзгеріп, одақтың негізгі жауы халықаралық терроризм мен тұрақсыздық және қауіпке толы жағдай болып отыр, - деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG