Ватикан өкілінің айтуынша, папаның ел алдына шықпауына оның жеке дәрігері кеңес берген екен. Себебі, кеше ол өзін жайсыз сезіне бастаса керек. Аталған мәлімдемеге қарағанда, бұл жолғы көпшілікпен діни қызметті атқаруды Ватиканның екінші нөмірлі мемлекет хатшысы Анжело Содано жүргізетін болады. Паркинсон ауруынан зардап шегіп жүрген папа таяуда ғана Словакияға сапарынан оралған болатын. Ватикан ресми тұлғалары мұның өзі папаның соңғы сапары болып жүрмесін деген қауіп айтуда.