Бұл жөнінде қыркүйектің 25-сі күні "Казахстан тудей" ақпарат агенттігі хабарлап отыр.
“Бұл жолы ең басты назар профилактикалық шараларға аударылды”-, дейді елбасы әкімшілігі басшысының орынбасары Игорь Рогов. Бұдан былай коррупцияға қарсы күрес заңы бойынша мемлекеттік қызметтегілер ғана емес, сондай-ақ ұлттық компания қызметкерлері де жауапқа алынатын болады. Сондай-ақ жала жабу, жалған ақпарат беру сияқты әрекеттер үшін де азаматтар жауапқа тартылатын болады дейді ол. Заң мәтіні алдағы уақытта баспасөз бетінде жарық көрмекші.
Коррупцияға қарсы күреске байланысты бірнеше заң актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Қытай-Ресей қатынасы
АҚШ-ты алаңдатқан сапар. Си Цзиньпин Мәскеуге не үшін бара жатыр?
AzattyqTV