Accessibility links

Ирақтың жаңа Конститутциясында барлық діндер құрметтелуі керек


Ирақтағы американдық әкімшілік басшысы Паул Бремер кеше Пентагонда журналистер алдында Ирақтың жаңа Конститутциясында Ислам елдің ресми діні деп жазылатын болса, оған АҚШ қарсылық білдірмейді деп айтқан. Ислам - Ирақ тұрғындарының басым бөлігінің діні деген ол. Сонымен қатар жаңа Конститутцияда діндер бостандығы құрметтелетіндігіне де кепілдік берілуі керек деп атап көрсеткен. Ол Ирақтағы Басқарушы кеңес Конститутцияны жылдам жазып бітіру үшін тездетіп кездесу шақырады деп күтетіндігін айтқан. Пол Бремер сондай-ақ американдық әскерилер ұстап отырған 248 шетелдіктің ішінде "Әл-қаида" жауынгерлері деп күдіктелген 19 адам бар деген. Ол Ирақтағы АҚШ бастаған коалиция күштеріне қарсы шабуылдар мұндағы ең басты террорлық проблема болып тұр деп атап көрсеткен Вашингтонда.
XS
SM
MD
LG