Кэмп-Дэвидтегі кездесу барысында Вл. Путин былай деп атап көрсеткен.
- Біздің ойымызша қазір Иранға Халықаралық атом энергиясы агенттігімен ынтымақтасып жұмыс істуді кеңейтудің маңыздылығы жөнінде анық та ұғынықты етіп айту қажет, - деген Путин.
Буш АҚШ пен Ресей террорға қарсы бірлесіп күресуде одақтастар, террор аймағының ішінде Шешенстан да бар деді.
- Біздің елдеріміздің екеуі де терроршылардан жапа шекті, үкіметтеріміз оларды тоқтатудың шараларын жасады. Терроршылар барлық жерде,Шешенстанда да жойылуы қажет. Оның соңы адам хұқтарының қорғалуы мен саяси реттілікке, әділ сайлауларға жеткізетін болады, - деген АҚШ президенті.
Ирақтағы АҚШ бастаған соғысқа көзқарастың екі түрлілігіне қарамастан, жетекшілердің арқайсысы да, демократиялық Ирақты құруға бейілділіктерін білдірген. Дегенмен де Путин Ирақты тұрақтандыруға Ресейдің қатысуы БҰҰ-ның Ирақ туралы жаңа шешімінің мәтініне байланысты болады деп айтқан.
АҚШ президенті Дж.Буш пен Ресей президенті Вл.Путин Иран мен Солтүстік Кореяны олардың ядролық қару бағдарламаларын тоқтатуға шақырған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Белсенділерге жүгінген билік Орал оқиғасын тез ұмытты. Себебі неде?
AzattyqTV