Accessibility links

Білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев Қазақстандағы білім жайлы айтты


«Біз тілді қызықтырып оқытудың орнына ешкіміге керегі жоқ грамматиканы оқытуға тырысамыз»

Өткен аптада Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтті. Онда Білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев, Қазақстандағы білім беруді дамытудың жай-күйі мен келешегі туралы баяндады.

Мәжіліс депутаты Әбдіжәлел Бәкір, білім саласындағы бірқатар мәселелерді министрдің назарына қойды. Депутаттың пікірінше, Қазақстанда мектептер жеткіліксіз. Мектептердің 22 пайызына күрделі жөндеу қажет, ал, 43 пайыздан астамы бейімделген ғимараттарға орналасқан, бірақ 90 пайызының спорт залы жоқ.

Бұл орайда министр Жақсыбек Күлекеев, 3 жылдық ауыл мектебі бағдарламасы аясында атқарылатын шараларды мәлім етті.

- Осы бағдарлама бойынша елімізде 600-ге жуық мектеп салынады деп жоспарланып еді. Президенттің тапсырмасына байланысты салынатын мектептердің саны 850-ге дейін өсуі мүмкін. Ауыл территорияларын дамыту стратегиясына сәйкес жылына республикалық бюджеттен 5 миллиард теңге қаржы бөлініп отыратын болады. Оның барлығы мектептер салатын қаражат. Былтырғы жылы Қазақстандағы мектеп жасындағы балалар саны 30 мыңға артты. 24 мың 600-і Оңтүстік Қазақстанның үлесіне тиеді. Мектеп жасындағы баланың өсуі бес-алты облыста ғана байқалады. Керісінше, Солтүстік облыстарда баланың саны қысқарып келе жатыр.

Депутат Әбдіжәлел Бәкір мекетептерде қазақ тілін оқыту жайын да министрдің назарына қойды.

- Кеңес кезінде біз ұрандаттық. Интерноционалды мектеп дедік. Бүгінгі күні осы аралас мектептер қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің тамырына балта шауып отырған жағдайдың бірі осы. Орыс мектебін бітірген қазақ балалар қазақ тілін білмей шығады. Орыс мектептерінде мемлекеттік тілде сабақ беруге көңіл бөлінбейді және онда тиісті мамандар жоқ.

Жақсыбек Күлекеевтің айтуынша, биыл 223 мың бала мектеп бітірген. Оның 130 мыңы қазақ мектебін бітірген.

- Басқа ұлттың өкілдерін кінәлауға болмайды. Кінәлі өзіміз. Өйткені, бізде дені сау оқулық жоқ. Қазақ тілін оқыту тәжірибесі жетілмеген. Біз тілді қызықтырып оқытудың орнына ешкіміге керегі жоқ грамматиканы оқытуға тырысамыз. Ал, жалпы орыс мектептерінде қазақ тілін оқуға өте көп сағат беріліп отыр.

Әбдіжәлел Бәкір көтерген тағы бір мәселе студенттерді жатақханамен қамту жайында болды.

Алайда, министрдің айтуынша, Қазақстанда 100 мың студентті жатақханамен қамтуға мүмкіндік бар.

- Кеңес кезінде Қазақстанда 250 мың студент болатын. Қазір студенттердің саны–590 мың. Кеңес кезінде де жатақхана жетіспейтін, қазір стеденттердің саны екі жарым есе өсіп кетті. Қосымша жатақхана салынған жоқ. Ол шешілмейтін мәселе.

Өткен аптада болған Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтурлар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Жер ресурстары жөніндегі агенттіктің төрағасы Бақыт Оспановтің айтуынша, аталған заң жобасы қолданыстағы заңдарды жер кодексіне сәйкестендіруден туып отыр.Жерге жеке меншік институтының енгізілуіне байланысты бірқатар заңдарға өзгеріс енгізілмек. Олардың арасында шаруа қожалықтары, Астана және Алматы қалаларының мәртебесі туралы заңдар бар.

Мәжіліс өткен аптада басқа да заң жобаларын қарап, мақұлдады.
XS
SM
MD
LG