Accessibility links

Жұмыссыз жастар қалай күн көреді?


Құрметті радио тыңдаушылар! «Жас толқын» апталық бағдарламамыздың кезекті саны Қазақстанда күрмеуі шешілмес күрделі мәселеге айналған жастардың жұмыссыздығына арналып отыр. Статистика агенттігінің дерегіне сүйенсек Қазақстанда 1 млн-нан астам адам жұмыссыз. Ал тәуелсіз сарапшылар жұмыссыздар санын 3 млн-ға жеткізіп отыр. Солардың тең жарымын яғни 50 пайызы 18-38 жас аралығындағы жастар еншісіне тиеді екен. Ал шынайы өмір мәліметтері тіпті басқа дерек ұсынуы мүмкін. Себебі, жұмыс іздеп ірі қалалардаң маңайына жиналған жалданбалы жастар еш жерде тіркелмегендіктен олардың санын ешкім дөп басып айтып бере алмайды. Жастар арасында жұмыссыздықтың жаппай етек алуына байланысты олар өз бетімен Алматының Сейфуллин көшесі бойында тұрып жалданбалы жұмыс істеуге мәжбүр. Біз осы хабарды дайындау барысында Сейфуллин көшесі бойында тұрған жастарды сөзге тартып, талғажау табудың жайы қалай, еткен еңбектің атқарылған тірліктің ақысы қалай төленетінін сұрадық.

Сұхбаттасудың сәті түскен Қайрат есімді жұмыссыз жігіттің айтуына қарағанда соңғы 11 жыл ішінде алған олқылықтың бәріне жоғарыда отырған шенеуніктер кінәлі көрінеді. Қоғамда жаппай етек алған жұмыссыздықтың алдын алу үшін алдымен жастардың білім алу жолдарын қарастыру керек. Оның айтуына қарағанда бүгінгі таңдағы оқулықтар, түрлі білім саласындағы реформалар қазіргі жағдайға жауап бере алмайтын көрінеді. Қоғамдық тәртіп сақтаймыз деп жүрген полиция қызметкерлерінің өзі көліктерге мініп алып күні бойы Сейфуллин көшесі бойында тұрған жастарды тонаумен айналысады дейді ол. Бұл сөзді келесі сөз алушы жастар да растады.

Көше бойында жалданбалы жұмыс күтіп тұрған жастар арасынан өмір қиыншылығына шыдай алмай іштегі өкініштерін ішімдікпен басатындары да кездеседі.

Сейфуллин көшесі бойында тұрған жастар қанша қиыншылық көріп жүрседе болашақтан үміт күтетіндіктерін жеткізді.
XS
SM
MD
LG