Accessibility links

Қазан айында Қазақстанға Македония ел басы Борис Трайковски келмекші.


Сапар мақсаты - соңғы кезде қарқынды дамып отырған Қазақстан базарына өз өнімдерін көптеп жеткізу. Мысалы, Гранит, Бетон, Пелагония атты бірнеше онжылдықтардан бері жұмыс істеп келе жатқан комбинаттар үшін Македонияның өз базары тарлық етуде. Сондай-ақ тоқыма, фармацевтика, тамақ өндірісі салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту қарастырылмақшы. Ең басты нысаналардың бірі Европа одағы елдеріне шығаратын кабель өндірісіне қажетті алюминий мен мысты және мұнай-газ өнімдерін Македонияға көптеп жеткізу болуда-, дейді Казахстан тудей ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG