АСТАНА: БҰҰ-ының Балалар қоры – ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Кэрол Беллами қыркүйектің 30-ынан 4 қазан аралығында Қазақстанда сапарда болады. Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сапар барысында Беллами ханым Алматы мен Астанаға барып, ЮНИСЕФ-тің Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД және Балтық жағалауы елдеріндегі кеңселері басшыларымен кездеседі. Сәрсенбі күні ол премьер-министр Д.Ахметовпен және басқа бірқатар ресми тұлғамен кездесті. Сапардың қорытындысы бойынша және ЮНИСЕФ-тің бірқатар аймақтық кеңсесі басшыларының қатысуымен Кэрол Беллами 3 қазанда Астанада баспасөз-маслихатын өткізеді.
БҰҰ-ының Балалар қоры – ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры қыркүйектің 30-ынан 4 қазан аралығында Қазақстанда сапарда болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
-
Дәулетмұрат Тәжімұратов
"Билік өз қателері үшін жауапкершілікті белсенділерге артты". Түрмедегі қарақалпақ белсендісі
AzattyqTV