ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш елді террористік шабуылдардан қорғау мақсатына 300 млрд. доллар бөлу туралы заңға қол қойды. 2001-жылдың 11-қыркүйегінде бостандықтың жаулары, деп мәлімдеді АҚШ президенті, Американы соғыс алаңына айналдырды. Дж.Буштың айтуынша, бейкүнә халықты жаппай қыру – террористердің басты қаруы, ал олардың мақсаты – американдықтарды үнемі қорқынышта күн кешуге мәжбүрлеу.
Жаппай қырып-жою қаруын террористердің қолына түсірмеу үшін АҚШ еш нәрседен тайынбайды деп баса атап көрсетті АҚШ президенті.
АҚШ президенті елді террористік шабуылдардан қорғау мақсатына 300 млрд. доллар бөлу туралы заңға қол қойды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Соғыс символы
Ресейдегі Z таңбасына қарсылық қозғалысқа айнала ала ма?