БҰҰ-ның балалар қоры ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Октавиан Бивол аталмыш ұйым Қазақстанның балалар құқын қорғау жөніндегі заңнамасын жетілдіруге жәрдем береді деп мәлімдеді. Бүгіндері Қазақстанда жүрген ЮНИСЕФ директоры Кэрол Белла балалар проблемасын шешу жолында Қазақстанға қандай жәрдем беру жолдарын қарастыруда.