Accessibility links

Қазақстандағы күрд халқы


Үстіміздегі жылдың қараша айында қазақстандық күрдтер қазақ жеріне келуінің 66 жылдығын атап өтеді. Академик Нәдір Нәдіровтың айтуынша, күрдтер Қазақстанға үш кезеңмен келген.

Нәдір Нәдіров, Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының жетекшісі: - Бірінші болып келген күрдтер 1937 жылы Әзірбайжаннан жер аударып келген, солардың арасында бес жасар бала болған менде болдым. Екінші топ 1944 жылы Грузиядан жер аударып келді. Ал, үшінші кезеңмен келгендер 1989-1990 жылдары Әзірбайжан мен Армения арасында соғыс пайда болған кезде келгендер. Себебі армениялықтар күрдтерді мұсылман, деп қысым көрсетті, ал Әзірбайжан жағы күрдтер Арменияда жақсы өмір сүрген, деп қыса бастады. Нәтижесінде қысым көрген күрдтер Қазақстанға келген. Оның себебін олар, Қазақстандағы күрдтердің жағдайы жақсы, деп түсіндірген. Сол себептен үш толқынмен келген күрдтердің екі толқыны зорлықпен келген болса, соңғылары өз еркімен келген. Бұл қазақ халқының күрдтерге деген көзқарасының жақсы екенін көрсетіп отыр.

Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының жетекшілері республикадағы қандастарының жағдайын жоғары бағалайды. Ғалым әрі Алматы облыстық күрд ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Үсен Әміровтың айтуынша, өзге елдерде күрдтер өз тілінде сөйлей алмайды.

Үсен Әміров, Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының мүшесі: - Басқа мемлекеттермен салыстырғанда біз Қазақстанға ризамыз. Себебі біздің мәдениетіміздің, дәстүріміздің сақталып отырғанына осы қазақ халқының кеңдігі әсер етіп отыр. Біздің басқа да мемлекеттерде қандастарымыз бар, бірақ біздің жағдайымызды олардың жағдайымен салыстыруға болмайды. Мысалы, Әзірбайжанда мекендейтін күрдтердің барлығы төлқұжаттарында күрд емес, олардың барлығы әзірбайжан, бірақ олар ұлтым күрд, деп айтқанымен күрд тілін білмейді де.

Халқының өсіп, дамуына аянбай жұмыс жасауға дайын Үсен Әміров бүгінгі таңда Қазақстандағы күрдтердің өнеріне алаңдайтынын айтыды, себебі бұл сала кенжелеп қалған, -дейді Үсен Әміров.

Үсен Әміров, Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының мүшесі: - Біздің күні бүгінге дейін әншілеріміз жоқ, себебі бізде театр жоқ, өнерге тәрбиелейтін мектеп жоқ. Сол себептен біз өзіміздің мерекелерімізге әншілерді шетелден шақырамыз, бұл бізге өте тиымсыз.

Әншілер мен қатар Үсен Әміровтың ойынша, қазақстандық күрдтердің арасында суретшілермен, халықтың мұң-мұқтажын айтатын журналисттер жоқ. Сол себептен бұл міндетті Үсен Әміров кейде өзі атқарады, екен.

Үсен Әміров, Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының мүшесі: - Біздің күрдтердің арасында суретшілерде жоқ. Менің пікірімше, бұл біздің кемшілігіміз. Сонымен қатар, бізде журналисттер жоқ. Күрдтердің басым көпшілі қазақтар сияқты далада тұрады, ал бұл халықтың мұң-мұқтажын білу үшін олармен араласу керек, соңынан олардың өтінішін халыққа, мемлекет жетекшілеріне жеткізу керек. Мысалы, мен өзім өз естіген білгендерімді айтып жүремін. Жылына бір рет президентпен кездесіп тұрамыз, сол уақытта халықтың ойындағы мәселелерін мен айтуға тырысамын.

Бүгінгі таңда би ресми мәліметтерге жүгінсек Қазақстандағы күрдтердің саны 90 мың адамға жетеді, оның 90 пайызы ауылды жерлерде мекендейді.
XS
SM
MD
LG