Accessibility links

Адам хұқтары лигасының халықаралық федерациясы жексенбі күні Шешенстанда жоспарланған президенттік сайлауды адам хұқтары аяққа тапталып жатқан ортадағы "масқарампаз" ойыны деп атады.


Аталған топ президент сайлауы өткізіледі деп, наурыз айындағы референдумда белгілі болғаннан бері мұнда тұрғындарға қарсы қастандық әрекеттері, адамдардың ұрланып, жоғалуы сияқты қылмыс түрлері асқынып кетті деп атап көрсетеді. Басқа сыни пікір білдірушілер болса, сайлауға қатысқысы келген үміткерлердің барлығы да Мәскеу тағайындаған қазіргі президент Ахмад Қадыровқа жол ашу үшін түрлі себептермен сайлаудан шығарылып тасталды дейді. Мәсекулік әкімшіліктің атын атамаған бір өкілінің айтуынша, Шешенстанда соңғы тәулік ішінде түрлі қақтығыстарда 13 адам қаза тапқан. Ал Ресей шенеуніктері жағдай бірқалыпты, жексенбі күні сайлаушылар президент сайлауына белсене қатысады деп сенетіндіктерін айтқан.
XS
SM
MD
LG