Accessibility links

Қазақстандық шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасына – 5 жыл


Осы аптада Қазақстандық шағын бизнесті қаржыландыру жағдайын өзгертуге мүмкіндік берген Еуропалық Қайта құру және Даму банкі Қазақстандық шағын бизнес бағдарламасының 5 жылдығын атап өтеді.

Бұл туралы қазанның 6-сында еуропалық Қайта құру және Даму банкісінің қызметкерлері ақпарат таратты.

Аталмыш бағдарлама осы уақытқа дейін Қазақстандық 60 мың несие алушыға өз бизнесін дамытуға және банк саласында жұмыс істейтін несие беру саласының мамандарын даярлауда олардың үштен бір бөлігін оқытуға мүмкіндік берген.

Бағдарлама негізінде несиенің – 84 пайызы Қазақстан аймақтарында Астана мен Алматыда беріледі. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасы бүгінгі таңда несие алушылар санын екі есеге арттырып 2004 жылдың соңына дейін несие беретін бекеттердің санын 300-ге жеткізуге ұмтылып отыр. Бұл жоспарды олар бір тәулік ішінде беретін 2000 АҚШ доллар көлеміндегі шұғыл шағын несие беру арқылы жүзеге асырмақ. Қазіргі уақытта бағдарлама шеңберінде ай сайын 3500 адамға 20 000 млн АҚШ доллары көлемінде несие беріледі.

Еуропалық Қайта құру және Даму банкі вице президентінің орынбасары Дэвид Хекстердің айтуынша, несие ұсынатын банк филиалдары несие алушылар көбейген жерде шағын және орта кәсіпкерлер саны көбейгендігі байқалған.

Берілген несиенің 99 пайызы қайтарылуда , сондықтан аталған банк несиесін қажет еткен кәсіпкерлер ала алады дейді Еуропалық Қайта құру және Даму банкі шағын бизнес директоры Элизабет Уоллес.

Бағдарламаны Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі және Қазақстан үкіметі шағын және орта бизнесті дамыту мақсатымен 1998 жасаған. Бағдарламаға серіктес Қазақстандық банктер: Алматы сауда-қаржылық банкі, ЦентрКредит банкі, Туран Әлем банкі, Қазақстан Халықтық банкі, Казкоммерцбанк, Темір банкі және Цесна банкі. Аталған жеті банк өндіріс, қызмет көрсету және ауылшаруашылығы саласы бойынша тұтынушыларға несие береді.

Алпыс ел және екі үкіметтік ұйым акционері болған Еуропалық Қайта құру және Даму банкісінің мақсаты - Орталық және Шығыс Еуропа және ТМД елдері жоспарланған экономикадан нарықтық экономикаға көшуіне көмек көрсету дейді аталған банк қызметкерлері.
XS
SM
MD
LG