Дамаскіден 15 шақырым жердегі нысандар бомбыланды, израильдік әскерилердің пайымдауынша онда "Хамас" және "Ислам жихады" қарулы топтарының дайындық лагерлері орналасқан. Израиль әскери басшылығының мәлімдеуінше, бұл сенбілік Хайфа қаласында 19 адамның өмірін әкеткен террорлық шабуыл үшін кек алу соққысы.
Сирия мен Араб елдері бірлігі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінен кешегі Израиль қырғый ұшақтарының Сирия жерін бомбылауларына байланысты айыптаушы шешім шығаруға шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV