Accessibility links

Қазақстанның билік басындағылар мемлекеттік тілдің дұрыс дамымай жатқанына енді ғана көңіл аудара бастады.


Қазақстан басшылығы соңғы кездері мемлекеттік тілдің даму барысы жайындағы мәселеге байланысты жиындар өткізуін жиілетіп отыр.

Өткен аптада мемлекеттік хатшы Иманғали Тасмағамбетов “Алдағы бес жылда облыстарда іс –қағаздармен жұмыс істеу толығымен мемлекттік тілде жүргізілетін болады”- деп мәлімдесе, ендігі облыс әкімдері мемлекеттік тілдің қолдану аясы жайында баяндамаларын дайындап та үлгерген.

Қазанның 7-күні болған Үкіметтің отырысында күн тәртібіне енізілген мәселелердің бірі “Мемлекеттік тілдің даму барысы жайындағы” мәселе болды. Отырыста Солтүстік Қазақстан облысы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, ол басқарып отырған облыста мемлкеттік тілді толық меңгеру мәселесі бойынша біраз шаралар өткізілген. Әкім Қырымбек Көшербаев 2006 жылы Батыс Қазақстан облысындағы мекемелер толығымен мемлекеттік тілде сөйлеп, іс-қағаздармен мемлекеттік тілде жұмыс істейтін болады дейді:

- Батыс Қазақстан облысының алдына қойған ең негізгі мәселесі-ол мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Осыған байланысты қосымша іс-шаралар өткізілді. Экономиканы дамыту кезінде жарнаманың рөлі өзгеше. Сондықтан жарнамада қазақ тілін пайдалануға көңіліміз толмай отыр. Сондықтан ол нарықтың тілінде дұрыс сөйлеуі керек. Шетелдік және отандық фирмалар мемлекеттік тілге мемлекеттік символ ретінде құрметпен қарауы керек. Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік органдар 2006 жылдың аяғына дейін толығымен мемлекеттік тілде жұмыс істеуге көшеді. Мемлекеттік органдар мемлекеттік тілде сөйлемей қазақ тілінің мәртебесі өспейді

Үкіметтің осы отырысында күн тәртібіне енгізілген басқа мәселелер оның ішінде Парламентке ұсынылатын бірқатар заң жобалары мен мемлекеттік резервтің жағдайы, қаржы министрлігінің қазынашылық жүйесіне қатысты мәселер жабық есік жағдайында қаралды.
XS
SM
MD
LG