Accessibility links

10-қазанда дүниежүзінде психикалық денсаулық күні атап өтіледі.


Осы атаулы күн қарсаңында, Алматыда Нидерланды, Ресей, Украина, Литва елдері мен Қазақстанның қалаларынан келген өкілдердің қатысуымен психология және психотерапия саласы мамандарының фестивалі өткізілуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда дүниежүзінде 450 млн. адам психикалық, неврологиялық және психо-әлеуметтік сипаттағы дерттерден зардап шегуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының статистикалық мәліметтері бойынша, дүниежүзінде депрессияға шалдыққан 120 млн адам, талма дертіне ұшыраған 50 млн адам бар. Жыл сайын миллиондаған адам өзіне қол салса, 10-20 млн адам соған әрекет жасайды.
XS
SM
MD
LG